Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет

Форумға келген имамдар ұйықтап қалды

Табысы төмен болса, имамдарда Атаулы әлеуметтік көмек ала алады. Астанада дәл қазір өтіп жатқан имамдар форумына келген ыице-премьер Бердібек Сапарбаев осылай деп айтып қалды. Дәстүрлі жиында діни қызметкерлер атқаратын рәсімдердің тізімі, мұсылманның тұғырнамасы тақырыбы, өзге де мәселелер қаралуда. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

АРТУР МАҒЗОМОВ, ТІЛШІ: «Мұндай форум биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. 500-дей имам қатысуда. Қаралып жатқан тақырып ауқымды. Мәселен, осы салаға жауапты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мешіт қызметкерлерінің жалақысына қатысты пікір білдірді. Өйткені Конституцияға сәйкес, дін мемлекеттен бөлек. Сондықтан оларға бюджеттен қаржы қарасмтырылмайды екен. Қазір арнайы қайырымдылық қоры құрылып, соның есебінен дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда».

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: «Мемлекет діни адамдарға органдарға жалақы төлей алмайды. Себебі, діни мәселе мен мемлекеттік екі бөлек нәрсе. Зайырлы мемлекет. Фонд бар, сол арқылы қолдауды қарастырып жатырмыз».

АРТУР МАҒЗОМОВ, ТІЛШІ: «Форумдағы негізігі тақырыптың бірі — дін өкілдерінің атқаратын рәсімдерінің тізімі. Қазіргі таңда сәбиге ат қою, жаназа шығару, неке қию, дем салу секілді 45 қызметтің түрі бар. Алайда, бұл қызмет түрлері бойынша нақты бекітілген тариф жоқ. Оны ешкім қадағаламайды».

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:»Бірақ діни рәсімді өткізу кезінде оның ешқандай да оның қызмет ақысына, яки болмаса көрсеткен қызметіне ешқандай да ақы алмауы тиіс. Бәрі тегін болуы керек. Ең бастысы түпкі мақсаты тегін өткізу діни адамның міндеті».

АРТУР МАҒЗОМОВ, ТІЛШІ: «Ал Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, имамдардың табысы төмен болса атаулы әлеуметтік көмек ала алады».

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:»АСП-ға қатыса алады егер табысы төмен болса».

АРТУР МАҒЗОМОВ, ТІЛШІ: «Айтпақшы, әлеуметтік көмек демекші, Мүфтият ғимаратының маңындағы көліктерге қарасаң форумға қатысушылардың жағдайы жаман емес сияқты. Ал, имамдар үшін діни тақырыптағы әңгімелер қызық емес пе, әлде алыс жолдан шаршап келді ме, кейбіреулері қалғып отырды. Қазіргі таңда елімізде 4 мыңнан аса имам бар. Ал 9 медресе-колледжде 1682 студент білім алуда. Жақында астанада тұңғыш рет қыздар медресесі ашылған болатын».

 

Басқа материалдар

Back to top button