Еуразияның ректоры елді елең еткізді

«Ұлы дала» сөзі қазақ деген ұлттың лексиконына айналуы тиіс. Елбасының күні кеше жарық көрген мақаласын талқылауға жиналған бір топ зиялы қауым осындай пікір білдірді. Себебі, қытайлықтар өздерін «аспан асты елі», жапондар «күншығыс елі» деген секілді, қазақтар да осы бір атауды өскелең ұрпақтың санасына сіңіру қажет. Президенттің мақаласын талқылауға жиылған қауым осы тектес біраз ұсыныстар айтты. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

Елордадағы академиялық кітапхана ғимаратында өткен жиынға зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиында сөз алған қала әкімі Бақыт Сұлтанов бұл мақаланы халық зор ілтипатпен қабылданғанын тілге тиек етті. Ал, жоғары оқу орнының ректоры қазақ даласының әлем өркениетіне қосқан құндылықтары айрықша екенні атап көрсетті.

ЕРЛАН СЫДЫҚОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:
«Мақаланың бір ерекшелігі екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, жаңғағы құндылықтарымызды Елбасы шегелеп көрсетіп беретін болса, ол жетеу. Жеті қазақта киелі сан. Жалпы ол әлем өркениетіне қазақ даласы қосқан құндылықтар жетеуден әлде қайда көп, бірақ мына жетеуді қазір әлем мойындап отыр».

Күніне 2 мыңнан астам бала түрлі іс-шараларға қатысатын қаладағы «Оқушылар сарайының» басшысы болса, «Ұлы дала» ұғымын өскелең ұрпақ бойына сіңіру үшін түрлі үйірмелер ашатынын мәлімдеді.

ЕРБОЛ ІРГЕБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Бір ғана Елбасының берген тапсырмасы. Мысалы, «Ұлы даланың, ұлы есімдері» деген. Бұл керек. Тұлға мен тарих ешқашан бөлінбейді. Тарихты жасайтын тұлға. Сондықтан Ұлы даланың, ұлы тұлғаларын біз балалардың бойына білдіртуіміз керек».

Мақалада жүктелген міндеттер аясында түрлі тарихи тұлғалар жөнінде фильмдер түсіріліп, мұражайлар ашылмақ. Ал, бұл жөнінде мәдениеттанушылар өз ойын былайшы білдірді.

СЕРІК ЕРҒАЛИ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ:
«Ия, мен оқып шықтым өте жеңіл жазылған. Қазіргі заманға сәйкес, мына әлеуметтік желіге тән пост түрінде жазылған. Бұл еңбек меніңше, үлкен саяси бастама деп ойлаймын. Себебі, ол біздің алтын ұямыз «Ұлы кеңістігіміз «Ұлы далаға» қатысты».

Сондай-ақ, мақалада түркілер өркениеті жобасын қолға алу керектігі де айтылған. Сол үшін келер жылы Астанада Дүниежүзілік түркологтар конгресі өтпек. Перезиденттің тағы бір ұсынысы, ертегілер, аңыз-әфсаналар, қиссалар мен эпостардың басын құрап, дала фольклорының антологиясы жасалу керек.

МАКСИМ СПОТКАЙ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаласы бұл үлкен Қазақстанның ішкі жобаларының бірі ғана емес, үлкен халықаралық жоба деп айтуға болады. Себебі, біздің тарихымызда әлі ашылмаған деректер бізге ғана емес бүкіл әлемге танылу қажет деп есептейміз».

Дөңгелек үстелге жиылғандар Әл Фарабидің, Әл Бирунидің біздің Ұлы даламыздан шыққанын паш етуімі қажет деген пікірде. Олардың айтуынша, Президенттің бағдарламалық мақаласы біраз дүниелерді айқындап берді. Енді тек, бұл жобаларды іске асыру үшін тынбай еңбек ету керек.

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*