Басты жаңалықтарБілімҚоғам
Бір топ бала бір көліктің күл-талқанын шығарды

Астанада Ш.Қосшығұлұлы көшесінде ойын балалары аулада тұрған көліктің быт-шытын шығарды. Оқиға «Қазақстан» тұрғын үй кешенінің жанында болған. Бейнежазба әлеуметтік желіге жарияланды.
Қалалық Полиция департаменті осы оқиға бойынша ресми түсініктеме берді. Қазір біреудің мүлкін бүлдірген кәмелетке толмағандар анықталды.
Олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
А.Нәби



