Атырау облысында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің денесі табылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында мәйіті сарайдан табылған ерлі-зайыптылардың ұлы мен қызының денесі де табылды.
Наурыз бен Мейрамгүлдің сүйегі Атырау қаласының іргесіндегі Геолог ықшамауданында күдікті күйеу бала мен Қарабалиндердің кіші қызы тұрған уақытша баспананың ауласына көмілген. Бұл туралы Atyrau OIL парақшасында жарияланды.
Осы отбасының қазасына күдікті ретінде ұсталған күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев келіншегімен бірге Индонезиядан елге жеткізілді.
Ал журналист Жанат Молдашева фейсбуктегі парақшасында Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіті табылған үйді көрсетті. Күдіктілер Сұлтан мен Ақбаян жалдап тұрған баспананың дәл іргесіне көмілген көрінеді.
Бірақ КТК арнасының Атыраудағы меншікті тілшісі бұл ақпараттың әлі полиция тарапынан ресми жарияланбағынын айтты.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



