Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет
Наркенже Серікбаева әбден мақтанды

Әнші Наркенже Серікбаева өнерлі жұп Жазира мен Жанболаттың ұлының тойында алған сыйлығын көрсетіп, әлеуметтік желіге салды. Осы қуанышқа келген қонақтардың бірі ақын Айнұр Тұрсынбаева Наркенжеге гауһардан жасалған әшекей бұйым сыйлапты.
-Сен барлық бриллиантқа лайықтысың,- деген Айнұр Тұрсынбаеваның сөзіне әбден масаттанған Наркенже «жаным менің» деп ақынды құшақтап алды.
Еске салайық, Наркенже өткен жазда Түркістан облыстық филармониясының директоры «қырындады» деп әлеуметтік желіні шулатып, артынан татуластық деп қоғамда қызуға талқыға түскені бар.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



