Басты жаңалықтарҚоғам

Биыл пітір садақа 735 теңге болып бекітілді

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы 2026 жылғы пітір мөлшерін 735 етіп бекіткен. Бұл туралы muftyat.kz сайтында жарияланды.

Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептеледі. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады екен.

2026 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп төмендегідей бекітілді:

Бидай 2 кг – 318 теңге.

Ұн 2 кг – 735 теңге.

Арпа 4 кг – 514 теңге.

Мейіз 2 кг – 6400 теңге.

Құрма 4 кг – 12400 теңге.

Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаның құнын ұнмен есептеуді негізге алады. Өйткені шариғатта бидаймен қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат етіледі, делінген ҚМБД сайындағы ақпаратта.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады екен.

А. Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button