Қызылордада түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығарылады

Түйе сүтін өңдейтін зауыт Арал ауданында салынып жатыр. Жоба бастамашысы «Qazaq Camel» ЖШС 392 тонна өнім шығарады деп жоспарлануда. Зауыт құрылысына 3 млрд. теңге қаржы салынған. Оның 1,8 млрд. теңгесі мемлекет қолдауы, яғни жеңілдетілген несие, 1,2 млрд. теңгесі жеке қаражат есебінен. Осы жылдың наурыз айында іске қосылып, 23 адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспсөз қызметі хабарлады.
Кәсіпорынның құрылысын көрсету үшін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, жауапты сала басшылары Аралға барды.
Негізгі өндірістік ғимараттың құрылысы мен қондырғыларды орнату 90% аяқталған. Қазіргі таңда монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз






