Басты жаңалықтарҚоғам

Қазбек Иса Нұрлыбек Нәлібаевқа не үшін барды?

Қызылорда облысының әкімі мен Мәжіліс депутатының бірге түскен суреті тарады. Kyzylorda-news.kz сайтының мәліметі бойынша, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысуға барған депутат Қазыбек Исаны өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қабылдаған.

Кездесуде елдімекендердің инфрақұрылымы, кәсіпкерлік бастамаларға қолдау, әлеуметтік саладағы жұмыстар сөз болған.

«Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында»  стратегиялық мақсаттар белгіленген. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне шаруашылықты өркендетуге берілетін субсидияларды, басқа да қаржылай қолдауларды тиімді әрі мақсатты пайдалануды тапсырды. Біздің басты міндетіміз – ауыл халқының табысын, өмір сүру сапасын арттыру.  Біздің аймақ тұрғындарының  53 пайызы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында арнайы әдістеме бекітілгені белгілі. Ол бойынша 59 тірек, 43 спутник елді мекен бар. 2022-2024 жылдары 78 ауылда 31 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржыға 343 әлеуметтік, инженерлік- инфрақұрылымдық  жоба жүзеге асырылды», – деген Н.Нәлібев.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button