Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫЭкономика

Бір ауданда мал бордақылайтын 300-ге тарта нысан салынбақ

 Сауран ауданында мал шаруашылығын дамыту мақсатында заманауи бордақылау алаңдарын салу және инвестициялық жобалар іске асырыла бастады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға ниетті ресми инвесторлармен кездесіп, Ескі Иқан ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан 15 мың бас ірі қараға арналған 30 мал бордақылау кластерінің алаңы таныстырылды. Бұл кешен Саурандағы мал шаруашылығы инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Алдағы уақытта аталған аумақта 10 мың бас ірі қараға арналған 20 қора салу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің аумағынан жалпы көлемі 185 гектар жер телімі бөлініп, 2026-2027 жылдар аралығында 292 мал бордақылау алаңының құрылысы жоспарланып отыр. Жобаның басты мақсаты — инфрақұрылым мен қызметтерді бір орталыққа шоғырландыру арқылы тиімділікті арттырып, өндіріс шығындарын азайту және сапаны жоғарылату.
А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button