Басты жаңалықтарҚоғам

Олжас Бектенов: жұмыс істей алатын адамды мемлекет асырамайды

Олжас Бектенов Сенат отырысында депутат Сұлтанбек Мәкежановтың бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы сұрағына жауап берді.  Премьер-министр алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға дейін қысқартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Бұл ретте әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталып отыр. Премьер-министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы мемлекеттік бюджеттің 60%-ын құрайды. 

«Республикалық бюджетте ұзақ уақыт бойы бұл шығындар 40%-дан астам болып келді. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38%-ға дейін төмендете алдық, әлі де болса төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз. Түрлі объективті факторларға байланысты жұмыс істеуге және өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын болады. Жұмыс істеуге қабілетті әрі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын адамдарды мемлекет асырауға тиісті емес және асырамайды да», — деді Олжас Бектенов.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button