Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Мақтааралда аз қамтылған отбасыларына 50-ге тарта үй салынып жатыр

Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елді мекенінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағытында ірі әлеуметтік жоба іске асырылуда. Жоба аясында 1 қабатты, әрқайсысы 2 пәтерлі 48 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.  Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Аудан әкімі Бақыт Асанов құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын қадағалады. Аудан басшысы нысанның сапасына, құрылыс қарқынына және жұмысшылардың еңбек жағдайына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мердігер компания өкілдерімен пікірлесіп, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін тапсырды.
Айта кетейік, бұл үйлер бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және тұрғын үйге мұқтаж өзге де санаттағы азаматтарға жалға берілетін болады. Осылайша, Фирдауси елді мекенінде жаңа шағынаудан бой көтеріп, ауылдың әлеуеті арта түспек.
А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button