Басты жаңалықтар

Ақбота мен Розаға сенген жұрт миллиондарынан қағылған

Ернар Айдардың ізін ала лотерея төңірегіндегі біраз былықтың беті ашылатын түрі бар, деп хабарлайды jurnalist.kz «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бұл жолғы шығын көлемі әлдеқайда ауқымды. 300 мың теңгеден 5 миллионға дейін баратын инвестиция. Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның жарнамасына сеніп, миллиондарынан қағылған тұрғындар шағымдануда. Ең қызығы, Ернар Айдар, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа, үш әншінің де конкурсын ұйымдастырған бір мекеме болып шықты.

Олар Оспанов Азат, Мұқият Саламат, Исатаев Мәди есімді азаматтар. Салы суға кетіп, ақшасынан айырылған халыққа енді кім көмек береді? Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдаралмасында талқыланды.

«Ақбота мен Розаға сенген соң, осы іске солардың қатысы бар болған соң, сеніп, ақша құйып отырмыз. Енді өздерінің қатысы жоқ екенін айтып жатыр? Біздің ақшамызды енді кім қайтарады», — деді ұтысқа қатысушылардың бірі.

Инвестицияға кемінде 300 мыңнан бастап 5 миллион теңгеге дейін ақша салғандар бар.

Бағдарлама барысында Заңгер Тілеужан Кішкенебаев осы ұтысқа қатысқан 80 адамның 300 мыңнан 5 млн теңгеге дейін ақша аударып, енді қайтару үшін өзіне жүгінгенін айтты.

Роза Әлқожаның айтуынша, ұтысты ұйымдастырушылар бұл ойынның адал екенін, одан қалды өздерін намазханбыз деп сендірген.  Әнші олардың сөзіне иланып, алайда кейін бір шикіліктің барын сезіпті. Ал, Ақбота Керімбекова бұған басын ауыртқысы келмейтінін айтты.

Енді бұл қомақты қаражаттардың кімнің қалтасына кеткені, сондай-ақ халықтың ақшасы қалай қайтарылатыны әзірге белгісіз.

Басқа материалдар

Back to top button