Басты жаңалықтарМәдениетТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
«Түнгі кітапхана» жобасы аясында Түлкібаста ерекше кеш өтті

«Түнгі кітапхана» жобасы аясында Түлкібас ауданы, Састөбе ауылында белгілі композитор, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар одағының құрметті мүшесі Бекжігіт Сердәлінің «Жұлдызды түннің әуені» атты шығармашылық ән кеші өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жыр кешін салтанатты түрде ашып беру үшін Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мен Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысы Фархат Байтуғанов қатысып, ізгі тілектерін білдірді.
Шара барысында композитордың туындылары орындалып, жыр мен сазға толы рухани әуен тыңдарманға ұсынылды. Кештің көркемдік деңгейін кәсіби әншілер жоғары деңгейде орындап шықты. Сонымен қатар кешке қатысқан ақындар әсерлі өлеңдер арнап, жүрекжарды жырлар оқыды. Бұл өз кезегінде кештің рухани мазмұнын тереңдете түсті.
Айта кетейік, «Түнгі кітапхана» жобасы аясында өткен мұндай шаралар оқырман мен өнер иелерінің арасын жақындастырып, рухани байланысты нығайтудың тиімді алаңына айналуда.
А.Нәби




