Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Депутат Мұқағалиді сорлы еркек қылғандар үшін бағдарлама әзірлеуді ұсынды (видео)

«ЖАМБЫЛДЫ ТУФЛИ ЖАЛАҒЫШ, МҰҚАҒАЛИДЫ СОРЛЫ ЕРКЕК ҚЫЛДЫ!»
«Жамбылды туфли жалағыш, Шәмшіні арақкеш, Мұқағалиды сорлы еркек қылды!». Депутат Жанарбек ӘшіМжан мәжілістің жалпы отырысында бұқараның базынасын жеткізіп, маңызды мәселе көтерді.   Ұлтымыздың ұлыларына тіл тигізіп, құндылықтарын қорлайтындар қаптап барады, — деді. Бұл туралы «Евразия «арнасы хабарлады.

Депутаттың қынжылтатыны – ардан аттап, арзан атақ үшін ата-бабасын аяққа таптайтындардың басым бөлігі – жастар.  Өткен аптадағы ақиық ақынға — кір жаққан блогерді де сынға алды. Халық қалаулысы ессіз әрекет жасайтындарға дереу есті шара қолдануға шақырды.

«Елдің ертеңін сеніп тапсыратын ұрпақ қалыптастырамыз десек, үкіметтік деңгейде жеделдетіп Ұлттық құндылықтар жүйесіне арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет. Балабақшаларда, мектептерде, оқу-ағарту бағытында бұлжымас ұлттық тәрбие мен патриоттық іс-қимыл шараларын жүзеге асырылуы тиіс.Үкімет ұлтымыздың ұлы тұлғаларына тіл тигізуге, қорлауға жол бермейтін шараларды заңдық тұрғыдан қолға алуы керек деп санаймыз. Ел мақтаныштарының ар-намысын аяққа таптағандар Заң алдында жауап беріп, тиісті жазасын алған жағдайда ғана ұлттық құндылықтарымызды қастерлей аламыз»,- дейді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button