Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түлкібаста Мархабат Байғұт атындағы медиа студия ашылды

Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов елді мекеніндегі аудандық «Шамшырақ» газетінің редакциясы жанынан жазушы Мархабат Байғұт атындағы медиа студия ашылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Салтанатты шараға аудан әкімі Асқар Естібаев, Түркістан облыстық Журналистер одағы филиалының төрағасы Мәлік Дәулетов және облыстың бірқатар жетекші журналистері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Медиа кеңістіктегі жаңа леп ретінде ашылған орталық заманауи талаптарға сай техникалармен жабдықталған. Сондай-ақ, жоғары сапалы дыбыс жазу құрылғыларымен, арнайы студиялық жабдықтармен толықтырылған. Студия — тек жаңалық таратып қана қоймай, өңірден түлеп ұшқан тұлғалы азаматтардың тағылымды ғұмырларын, қоғамдық мәселелерді қозғайтын аудио-подкасттар, бейнежазбалар мен эксклюзивті сұхбаттар дайындауға бағытталған алаң болмақ. Студия жанынан фотостудия да іске қосылып, бұқаралық іс-шаралар мен портреттік түсірілімдерге жол ашылмақ. Дайындалған өнімдер «YouTube» платформасы, әлеуметтік желілер мен арнайы веб-сайттар арқылы кеңінен таратылмақ.
Бану Ерсайын

Басқа материалдар

Back to top button