Басты жаңалықтарҚоғам

Вице-министрдің «бетінен бет» қалмады

Астанада  «100 жаңа есім»  жобасының  жеңімпаздары бейнеленген баннерлер жыртылып жатыр. Елорданың сиқын бұзған суреттер арасында ҚР Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нұржан Әлтаевтың да бейнесі бар.

Бас қаладағы сағызша созылған сақалды құрылыс нысандарының қоршауына бұрын жайқалған ну орманның суретін ілетін. Былтыр Экспомен жапты.   Ал қазір «100 жаңа есім»  жеңімпаздарының бейнесімен жауып қойған.

18 млн халықтың ішінен топ жарып шыққан таңдаулылар елдің дамуына үлес қосса, суреттері  Астананың жыртығын жамауға жарап тұр.

Осы жобаға жауапты компания өкілдерінің сөзінше, баннерлерді ілуге жергілікті әкімдік жауапты екен. Атқарушы орган қай жерге жапсырады, қалай насихаттайды оны өздері біледі.

Жуырда болған дүлей дауылдан кейін құрылыс алаңдарының қоршауына ілінген «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының суреті тоз-тозы шығып, жалбырап тұр. Оны қайтадан ілуге тағы қанша қаржы жұмсалады екен?!

 

 

Басқа материалдар

Back to top button