Басты жаңалықтарҚоғам

«Халал» таңбасын таратқан төраға тығырыққа тірелді

Елімізде 20-дан аса өнімнің халал емес екендігі анықталды. Бұл туралы  эксклюзивті сұхбат берген қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, яғни жалпақ жұртқа СЭС ретінде белгілі мекеменің мамандары мәлімдеді. Жалпы халал дегеніміз не? Мен түсінем, халал тағам деген ұғым бар. Ал енді Халал монша, халал қонақ үй, халал жұмыртқа, тіпті халал сағыз дегендер не?  Сонымен елімізде күнделікті сіз бен біздің жейтін халал тағамдардың харам емес екендігі қалай анықталады? Кімдер сертификат береді? Олар халалдың адалдығын қалай тексереді? Бір сөзбен, қарапайым нанның өзін қамсыз жей аламыз ба?

«Мынау халал жайылған дастархандарыңыз әр уақытта тойға қуынышқа жайылсын. Әр уақытта ауызбіршілік болсын! Әумин!»

 Бұл үйде бата берілмей бала дастарханға жүгірмейді. Үстелдің үстінде тұрған тағамның бәрі де халал. Сол үшін келген қонақтар күдіксіз тамақтан дәм татады. Өйткені ас атасы наннан бастап, таңдап жүріп Сәуле апай шұжықтың халалын, жұмыртқаның да, еттің де адалын іздейді, тіпті харам судан жиіркеніп халал су сатып алады.

 СӘУЛЕ ҚОЖАМҰРАТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  «Мұсылман халал тамақ жеуі керек. Халал тамақ жеген адамның жүрегі де таза болады. Жүрегі таза баланың тәрбиесі де дұрыс болады».

  Жалғыз Сәуле апай емес, қазір жұрттың бәрі де сөйтеді. Сатушылар айтады: дүкенде «Халал» жазуы бар өнімдер бірден өтіп кетеді. Өйткені халық таңбаға құдайындай сенеді.

» доверяем производителю, знаку».

» бұрын жегем әйтеуір, қазір жемеймін».

«Халалды адал» деп, аңқау жұртты арамзалар алдайды дейтіндер де бар.

«Жоқ, сенбеймін қазір адамдар алдай береді ғой оны жаза береді».

 Сенімге селкеу түсірген тағамдар шынымен шариғат талаптарына сай ма?

ӘСЕМ ИЗАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:»Сөреде шұжықтың сан түрі бар, аты да заты да әр қилы, қазір біз осылардың біореуін алып зертханаға барып тексертеміз. Айта кетейін, ол жақтағы маманжары мына шұжыққа өздері мөр қойып берген. Бірақ біз оны оларға айтпаймыз. Бірге тексерейік». 

 Қолымда шұжығым бар, сөйтіп зертханаға беттедік. «Халал индустриясының қауымдастығының лабораториясы» болуы керек. Еліміздегі ең ірі ассоциацияға тиесілі. Қожайыны-Марат Сәрсенбаев. Келіскен уақыттан сәл ертерек барыппыз. Төрт қабатты мекемеден Марат ағаның зертханасын іздедік.

«Халал 2  1 ноябрь   0328-01 марат қажы здесь не арендует. Раньше арендовал. Қазір арендовать етпейді да? Қазір жоқ ол кісі. Қашан соңғы рет болды осы жерде? 5 жыл болды. ол кісідер қазір басқа жақта отырады».

Жә, тым болмағанда қолымдағы халал шұжықта шошқаның еті бар ма? Анықтап беріңіздерші?!

«Бізде реагент жоқ, тексермейміз ғой. 0030  марат агибаевич істейді. Өзі айтты ма, өзі келіп өзі айтсын, не істеп жатқанын.

 Сәлден соң біздегі халал индустриясының негізін қалаушы Марат Сәрсенбаевтің өзі де келді. Зертхана жабық тұр екен, кілтпен ашып бізді ішіне кіргізді. Тірі жан жоқ жұмыс істеп жатқан.

«Она ушла на семинар».

 Біреуі зертхана меңгерушісін оқуға кетті десе, Марат аға

«Ақмарал отпускіге кетіп қалған екен ғой». 

 Мәселе онда да емес, неге күні- түні тынбай жұмыс істеп тұруға тиісті жер тып- тыныш?

 МАРАТ СӘРСЕНБАВ, «ХАЛАЛ ИНДУСТРИЯСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:»0331  0013 Бұл енді лаб сондай мұрнынан шайылатын таңнан кешке дейін жұмыс істеп жататындай ондай объемға ондай уровеньге біз әлі келген жоқпыз».

 Елдегі деңгейі ең жоғары қауымдастық сіздікі ғой Мәке? 600-ден аса компанияға халал таңбасын берген өзіңіз.

 МАРАТ СӘРСЕНБАВ, «ХАЛАЛ ИНДУСТРИЯСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:«Біріншіден, компаниялар сертификат өткен кезде бірінші өтердің алдында оларға анкета жіберіледі. Анкетаның құрамныда олар барлық сертификаттары бар соны тексереміз срогын бәрін. Кәсіпорында гмолық өнімдер болуы мүмкін бе құрамында жоқ па егер сондай сұрақ туып жатса олар ол сертификатын представлять ететін болса  тексерудің қажеті жоқ». 

  Шыбынның ызыңы естілмейтін шағын зертхананың ішінде шыр айналып жүрміз.

  Бір сұрақты мың қойдық:

«Отчеті бар ма? Күні кешегі мысалы? Міне мынаның ішінде нелер тұр.реактивтер».

«Қағаздарыңыз бар ма?міне центр фуга осыған салады да»

«Аға қағаздар қайда? Отчет. Оған майраның өзі керек қой. Кім еді әлгі ақмаралдың өз керек қой».

«Қағаз болса мысалы, кеше тексердлік деген протокольный лист болады ғой лабораторияда, оны өздерінен сұрау керек оны. Мен бұл лабор оларға бердім,арендовать етеді».

 Осы ақпанда  «Халал индустриясы қауымдастығы» Малайзияның джаким жүйесінен аккредитация өтті. Сөйтіп халықаралық орган деген статус алды.

  МАРАТ СӘРСЕНБАВ , «ХАЛАЛ ИНДУСТРИЯСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:»Сіз тексере салып, или тағы біруе бармағымен көрсетіп, біреу бізге заказ беріп шешілетін нәрсе емес қой, біз халықаралық органбыз. 0250 Біз мүфтият сияқты кеше құрылған менен жұмыстан шыққандарды жинап алған организация емес. Біз мировой органбыз».

 Бірақ халықаралық органның талабы расында халықаралық статусқа сай ма? Халал сертификат оңды-солды тарататын тегін құжат емес.

БЕЙБІТ МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІН СТАНДАРТТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:»Ол сертификатты қалай беріп отыр? Экранның алдында айтатын сөз емес. Енді ол тексерілмесе қалай анықтайды. Лаборатория бар болуы мүмкін. ол жұмыс жасамаса не үшін керек».

  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен Қазақстанның мұсылмандар діни бірлестігі бірлесіп, мүфтият жанынан Халал даму ұйымы құрылды. Оған «халал» сөзінің бей-берекет қолдана берілуі белді себеп.

 БЕЙБІТ МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІН СТАНДАРТТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:»Қазіргі таңда халал сто, немесе залал тойхана немесе халал нотариус,адвокат.  0756-03  0216 халал арақ немесе халал проститцуия дейді. Арақ деген сөздің өзі хзарам дегенді білідреді, шоршқа дегеннің өзі харамды білдіреді. Біз шошқа дегенде халал шоққа дей алмаймыз ғой, немесе шошқа туған кезде оған халал тағам берумен ол шошқа халал болады деп айта алмаймыз. 0756-02   1104 халалды кез келген нәрсемен теңеуге болмайды».

 «Халал даму» 130-дан аса компанияға халал сертификатын сеніп тапсырған. Сапа емес сан қусақ, халал мөрін мөлшерлеп емес, осы күнге дейін 1000-даған компанияға беретін ек дейді.

 БЕЙБІТ МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІН СТАНДАРТТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:»Шетелден 500 мың теңгеге 100 өнімді тексере алатын реактивтерді сатып аламыз. Сатып алғаннан кейін оны вет институтқа тапсырамыз келісімшарт арқылы. Оның мамандары кез келген өнімді шариғат талаптарына сай, оның ішінде алкоголь., шошқа бар ма тексере алады. Оның әр қызметіне 5000 теңге берміз. Сөйтіп біз 1 өнімді 10 мың теңгеге тексере аламыз, днксын».  

  Халал дамудың да лабораториясына баруға бел будық. Алматыда екен. Ол жақта тағам түрлерін тексерудің жолын түбегейлі түсіндірді.  4 бөлмесі бар екен. Барлық зерттеу жұмыстары рет-ретімен жүреді. Нақты қорытынды жасауға әрқайсысы маңызды.

«Нәтижелердің көрінісі мынау. Мына жерде шошқаның еті бар. Мына жерде жоқ. ал мына жерде бар».

 Халал сөзі маркетингтік құралға айналғалы қашан. Біздегі бейресми дерек бойынша, бір ғана Алматының өзінде халал тауары мен қызметін ұсынатын 3 мыңға жуық нысан бар екен. Жалғыз бізде емес, халал индустриясы жаһанда жылдам дамып келеді. Бес жыл бұрын ғана адал өнімнің жылдық айналымы 3 триллион долларға жеткен.

БАҚЫТ ӘСІЛОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, МАРКЕТОЛОГКешегі 2000 жылдан кейінгі аралықта оның жылдық өсуі 10 пайыздан 25 пайызға дейін өсіп отырған. Әлемде. Мұсылман мемлекеттерде ғана емес, бразилия, аргентина канада ақшта. Тағы бір қызықты жайт бар христиан дінідегі азаматтар да осы хзалал стандартына көп көңіл бөле бастағандары айқындалады».

  Өйткені бизнес. Ал ақша тұрған кезде ар-намыстан ада адамдар арамызда көбейеді. Халыққа халал деп харам тағамдарын өткізе береді.  Харамды халал деудің бұ дүниеде болмаса да, сұрауы о дүниеде міндетті болатынына мән бермесе керек. Жыл басынан 7 айдың ішінде 22 мың өнімнің 2183-і талапқа сай келмеген.

ДАНА ҚАСҚАТАЕВА, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:» Атап айтқанда олар мусульман ет халал, байрам шұжық өнімдері, рамазан шұжық өнімдері+ресейден әкелінген бұқтырылған консервілер еттері сиыр етінен жасалынған деп олардың құрамында таңбалауында жасырылынған. 0135 сонымен қатар нарықта жалған сүт өнімдері анықталды. 121 сынаманы тексерсек, оның 25 сынамасында жалған сүт өнімдері анықталды. Олар шадринское сүті, деревня сүт өнімдері».

  Жалған өнімдер айналымнан алынды, әрі 61 млн теңге айыппұл салынды. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің 9 айға берген қорытындысы да қуантпайды.

 Шұжықтардың 67,5пайыз, жарытлай фабрикаттардың 20, ет консервілерінің 7,5 пайыз сынамасында сәйкессіздік анықталған. 

Халал деген таңба харам тағамдарда да тұра береді екен. Енді тұтынушы қалай ажыратады? Негізі нарықта нағыз халал өнімдердің бағасы 15-20 пайызға қымбаттау болады.

БЕЙБІТ МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІН СТАНДАРТТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:»Қолмен сойғызудың өзінде механикалық аппараттың бисмилла деп кнопканы басқан кезде бір мезгілде бірнеше мыңдаған атуықтың мойнын орақпен орып түседі. Ал қолмен сойғанда он он бес адам қатар тұрып қолында пышағыменен сой           ып оытрады. Қайсысының шығымы аз? Ірине мехханикалық. Қолымен болоса пықшақ өтпей қалады, адам ауырып қалады, айлық төлеу кеерк, оның жыоы бар. Сондықтан өнім қымбат болады».

Екіншіден көп уақыт сақталмайды. Өйткені қоспа аз. Анықтаудың тағы бір жолы:

БЕЙБІТ МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІН СТАНДАРТТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:»Ол жерде біздің логотип қойылмаған босла, залал дегеннің барлығы оған біз жауап бере алмаймыз жалпы тыйым да сала алмаймыз. Себебі халал ешқандай заңмен қорғалмаған».

Қатаң заң қабылданғанда ғана үй ішінен үй тіккендер өздері шығып кетеді. Ал харамды халал деудің бұ дүниеде болмаса да, сұрауы о дүниеде міндетті болады.

ӘСЕМ ИЗАТҚЫЗЫ, ӨМІРГҮЛ ЖЕНДЕТХАН, АЛЛА ЭНГОЛИ, БЕЙБІТ СҰЛТАНБЕК, ДӘУРЕН ЗӘРІПОВ, ЖАЛҒАС АЙЫЛБЕКОВ, «Басты Бағдарлама»

 

Басқа материалдар

Back to top button