Басты жаңалықтарҚоғам

Кімге барып, кімге айтып өтінем (видео)

Қар астында қалған тұтас бір ауданның халқы қазір осындай күй кешуде. Батыс Қазақстан облысының ең шалғай ауданы, Оралдан 500 км қашықтықтағы Жәнібек ауданы қазір қар құрсауында қалды. Әсіресе, науқас жандарға қиын. Аудан орталығындағы ауруханаға жете алмай, әбігерге түсуде.   Республикалық маңыздағы жолдар да қардан аршылып үлгермей жатыр. Ауыл азаматтары қалың қарды өз күшімен тазалауда. Аудан басшылығынан қайран жоқ.

Қалаға кісі тасып, нәпақасын тауып жүрген таксисттерде жолда қаңтарылып, діттеген жетіне жете алмай, жолаушыларымен далада қалған.

Қар астында қалған шекарадағы ауданды 2017 жылдан бері  Азамат Сафималиев басқарады (суретте). 1979 жылғы жігіт  Бақтықожа Ізмұханбетовтың облысты басқарған кезінде Орал қаласы әкімінің кеңесшісі болып келіп, біраз қызметтің басын қайырған. Осы лауазымына дейін Тасқала, Бөрлі аудандары әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Жәнібек ауданы Ресейдің Волгоград, Саратов облыстарымен шектеседі. 16 мыңнан аса тұрғыны бар.  20-ға тарта ауыл, 105 қыстақ бар.

Аудандағы Борсы, Талов, Жақсыбай, Қамысты ауылдарында да жағдай қиын.  Ал өңірде бұрқасын, көктайғақ болатыны жайлы тағы ескерту түсті.

 

 

 

 

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button