Мағауиннің асында қаламгерлер бата бере алмай, масқара болған
Қоғам белсендісі, тарихшы Жұмамұрат Шәмші қазақ зиялылары мен ел алдында жүрген танымал азаматтардың бата бере алмайтынына, қаза мен басқа жиында сөйлейтін сөздің аражігін ажырата алмайтынына күйінді.
Жуырда өмірден өткен Мұхтар Мағауиннің Астанада жетісі берілді.
Осы қаралы дастарханда ең алдымен етке жазушы Төлен Әбдіктен бата сұрағанда, қаламгер тілек айтып, Мағауин жайлы әңгіме айтып кетіпті. Ас біткен кезде жазушы Алдан Смайылдан да бата сұраған. Ол да батаның орнына тілек айтып, сөз сөйлеп тұрып алыпты.
Жұмамұрат Шәмші аға буынды ғана емес, кейінгі толқынды да сынға алған. Асты жүргізген Дәулеткерей Кәпұлын Мұхтар Мағауиннің еңбектерінің бірегейі «Жеті ғасыр жырлайдының бетін ашпаған адам» деп баға берді.
Біраз қаламгердің кемшілігін айтқан қоғам белсендісі Мағауиннің жеті күндік асы Amanat партиясының жиналысына теңеді.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз