ӘлемСаясатТехнология

«Жоғары технологиялар соғысы»: болашақта әскерилер қандай құралдарды қолданады?

Технологиялық жаңалықтардың басым көпшілігі жасанды интеллектпен жасалған

Әскери гаджеттер, әскери қызметке қолғабыс болатын озық технологиялар туралы толығырақ Sarbaz.kz порталында.

 

Сұйық бронь – АҚШ армиясының ғылыми-зерттеу зертханасындағы әскери технологияның ең заманауи жетістіктерінің бірі. Бронь арнайы қоюландырғыш сұйықтыққа малынған Кевлар сынды ауыр салмақты материалдың талшықтарынан тұрады. Бұл сұйықтық ньютондық емес сұйықтық ретінде де белгілі. Оның салмағы жеңіл келеді. Сынақтар көрсеткендей, қатты күш қолданылған кезде материал қатаяды. Сұйық броньда оқ тиген кезде молекулалар қысылып, қорғаныс формасына ерекше беріктік береді. Сонымен қатар сұйық сауыт әртүрлі заттармен, мысалы, пышақпен соққыларға төзімді. Мұндай өнертабыс әскери және полиция қызметкерлері мен басқа да құқыққорғау органдарының қызметкерлері үшін пайдалы болатыны сөзсіз.

 

Роботты манипулятор (қол) MK2 – бұл ерекше ептілікке ие, өз саласының көшбасшысы. Мұндай манипулятор бомбаларды залалсыздандыруда өте пайдалы. Роботты «қол» модульдік дизайнымен ерекшеленеді. Бұл 25 келіге дейінгі жүкті ұстап тұруға мүмкіндік береді.

«Үлкен ит» – қашықтан басқару пультімен басқарылатын робот. Болашақта ол толығымен автономды болады деген болжам бар. Жобаны DARPA және Boston Dynamics 2005 жылы бронетранспортерлер мен басқа да ауыр техникаларды қолданатын ауыр жүктерді тасымалдау үшін жасаған. Алайда жоба қолайсыз болғандықтан қысқартылған. Роботта максималды жүктемесі 10 кг болатын қуатты бензин қозғалтқышы бар. Сондай-ақ оған талшықты-оптикалық гироскоп пен тұрақтылық жабдықтары да орнатылған.

 

Prism 200C рюкзактары бөлмені қабырға арқылы сканерлеуге арналған. Ол үшін тек оны қабырға бойына орналастырып, оған блютуз арқылы қосылу керек. Содан соң смартфонға қабырғаның екінші жағындағы бөлменің 3D бейнесін алуға мүмкіндік туады. Prism кез келген материалды, мейлі ол ағаш болсын, бетон болсын, көруге мүмкіндік береді. Сыртқы түрі бойынша гаджет кәдімгі рюкзакқа ұқсайды, сондықтан оны жасырын операцияларда қолдануға болады. Сонымен қатар бұл қаладағы жанжалдарда қажет болады.

 

Xstat жылдам гемостаз жүйесі даласында қан жоғалтуды тоқтатуға мүмкіндік беретін бірегей жүйе болып саналады. Американдық компанияның бұл өнімі шприц инъекциясын және жарамен байланыста болған кезде үрленетін таблетка тәрізді губкаларды қамтиды. Губкалар қан тоқтататын құрылғылармен жабдықталған. Үрлеген кезде губка жараны толтырып, қанды 15 секундта тоқтатады.

 

Білек дисплейі – бейбіт уақытта да пайдалы болатын құрылғы. Бұл құрылғының дамуы әрі қарай жалғасуда. Мұндай гаджет аз энергия жұмсап, ауыр жүктемелерге төтеп беріп, кез келген жағдайда жұмыс істеуге қауқарлы болуы керек. Ол командаларды қабылдау және жіберу орталығы ретінде қызмет етеді.

Айта кетейік, осыған дейін болашақта қолданылатын фантастикалық әскери технологиялар туралы жазған болатынбыз.

Басқа материалдар

Back to top button