Басты жаңалықтарСаясатТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Үкімет әскерге қатысты заң жобасын Мәжіліс қарауына ұсынады

ҚР Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Келісімді ратификациялау UNDOF миссиясында Қазақстан Республикасының бітімгерлік контингентін өрістету жөніндегі қаржылық мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰҰ-ға Қазақстан Республикасының бітімгерлік операцияға жұмсаған шығындарын толық немесе ішінара өтеу тәртібімен бөлінетін қаражат Республикалық бюджеттің кірісіне түседі.

ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің бітімгерлік миссияларға қатысуын ынталандыру және сапалы қызмет өткеруін қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ-ның персонал үшін төлемдерін (ай сайын 1 448 АҚШ долларынан) әскери қызметшілердің өздері тікелей жүзеге асыруы орынды.

Сондықтан келісімде Қорғаныс министрлігі персоналға және Қаржы министрлігіне төлемдер үшін негізгі жабдықтар мен өзін-өзі қамтамасыз ету құралдары үшін екі банктік шот қарастырылған.

Қорғаныс Үкіметі қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15368169 сілтемеге кіріп, танысуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button