Илья Ильин әйелінен ажырасып кетті
Ауыр атлет Илья Ильин Mens Health Kazakhsan басылымына берген сұқбатында жұбайымен ажырасып кеткені туралы айтып берді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Спортшының сөзінше, әйеліне өкпелегені соншалық, әлі араласпайды екен.
«Біздің ажырасып кеткенімізге бір жылға жеткен жоқ. Бірақ ажырасу туралы құжаттыр жуырда ғана келді. 12 жыл бірге болдық. Бір-бірімізді сүйдік. Қызымыз өсіп келеді. Бірақ барлық қиындықтар жиналып қалған кезде біз шыдай алмадық», — дейді ауыр атлет.
«Мен сияқты ауыр депрессияға түсіп кеткен адамға шыдау қиын шығар. Бізде бұған дейін барлық отбасындағыдай кикілжің болды. Ол кезде барлығынан аман-есен өтіп жүрдік. Дегенмен соңғы кезде шыдау мүмкін болмай кетті. Маған да Наталияға да екі есе қиын болып кетті. Мен мұны жақсы түсінемін. Үлкен ұрыс болды. Содан соң ол үйіне кетіп қалды. Мен мұны көтере алмай, ажырасуды талап еттім. Бұл кезде көп эмоцияның болғанын білемін. Алайда қазір мұның барлығын істеу керек болғанын түсінемін. Әлі де өкпем бар. Біз қазір араласпаймыз. Әлеуметтік желілерде де бір-бірімізді бақылып отырмаймыз», — дейді Ильин.