Шекара қызметіндегілерге құрмет көрсетті
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің әкімшілік ғимаратында департамент бастығының бірінші орынбасары — штаб бастығы полковник Александр Сладкевичтің басшылығымен аумақтық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен қызметтік жиналыс өткізілді.
Қызметтік жиналысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің жедел-кезекшілік қызметін ұйымдастыруға жауапты өкілдері атсалысты. Аталмыш қызметтік жиналыс Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аумағындағы күштік құрылым өкілдерінің бірлесе іс-әрекет жасауы, қиын жағдайларда бірлесе жұмыс жасауы үшін ұйымдастырылды.
Қызметтік жиналыс Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығының басшылығымен биылғы жылы екінші рет өткізілуде. Іс-шара соңында қызметтік әріптестікті орнатудағы жоғары жетістікке жеткен күштік құрылым өкілдері алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.
А.Орынғали