Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Жетісайда бір үйдің екі баласы әскерден келді

Жетісай ауданында бір үйдің екі баласы ағаийынды Қарпық Шыңғыс пен Саят Байзақұлдары Отан алдындағы борыштарын өтеп, әскер сапында қызмет атқарып келген.

Саят Байзақұлы Шыңғыс Қарағанды қаласындағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінде” борышын өтеп, кейіннен Семей қаласындағы “5511 әскери бөлімінде” қызмет атқарған.

Ал, Шыңғыс Байзақұлы өзі әскери борышын өтеген Қарағанды облысындағы 6505 әскери бөлімінде келісімшарт негізінде жемісті қызмет етуде.

Ағайынды Қарпықтар сарбазға қажетті ең басты нәрсе қиындықтар алдында иілмеу, достық пен өзара көмек сияқты қасиеттерге ие болу деп санайды. Сондай-ақ Саят пен Шыңғыс жастарды әскерден қашпауға, Отан алдындағы борышты абыроймен өтеуге шақырды.

Материал ddo_turkestan_oblysy парақшасынан алынды.

Басқа материалдар

Back to top button