Ұландықтардың денсаулығы тереңдетілген тексеруден өтті
2024 жылға арналған медициналық қамтамасыз ету бойынша негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Шымкенттегі ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскерибөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарының тереңдетілген медициналық тексерісі өтті. Айта кетукерек, медициналық тексеруден Түркістандаорналасқан 3 жедел мақсаттағы батальонның әскери қызметшілері де өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған іс-шара «Алинур» медициналық орталығы мен Түркістан қаласының қалалық ауруханасы мамандарының қатысуымен бірлесіп өткізілді.
Медициналық тексерудің мақсаты — назараударуды қажет ететін ықтимал аурулар мен жағдайларды анықтау ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілердің денсаулығын қамтамасызету, бұл жауынгерлік қабілеттілік пен елді қорғауміндеттерін орындауға дайындықты сақтау үшін өте маңызды.
— «Біз жыл сайын тереңдетілген медициналықтексеруден өтеміз. Медициналық топ физикалық жағдайды бағалауды, талдауларды жәнемамандардың кеңесін қоса алғанда, кешенді тексерісөткізеді. Мұндай іс — шаралар аурулардың алдын алуға ғана емес, сарбаздардың өз денсаулығына қамқорлық жасау әдетін қалыптастыруға да ықпал ететінін атап өткен жөн», — деді әскери бөлімнің медициналық қызметінің бастығы капитан Қуаныш Ахметов.
Тексеру нәтижелері әскери қызметшілердің денсаулығын сақтаудың келесі қадамдарын анықтауға және қажет болған жағдайда қосымша емдеуді немесе оңалтуды ұйымдастыруға көмектеседі.
Осылайша, армиядағы тұрақты медициналық тексерулер жеке құрамның денсаулығын қамтамасыз етуде және жалпы жауынгерлік дайындықты арттыруда шешуші рөл атқарады.
А.Орынғали