Басты жаңалықтарҚоғам

Қызылордалық қыздар көрген жігітті ессіз ғашық қыла ма?

Сезімің сәулем жоқ неге? Жоқ деме, маған жоқ деме! Қоқыс төгуге шыққан қызылордалық қыздың басы үлкен дауға қала жаздады. Сыр сылқымының үстінен бір күні бұрын танысқан жігіті «сезіміммен ойнады» деп, полицияға арыз жазыпты. «Жүрегімді жаралады, бірақ қарамады» деп шағымданған азаматтың бұл әрекетін тәртіп сақшылары түсінбей дал. Бұл оқиғаға тек сүймегені үшін жазықты болған Баянсұлу есімді қыздың түсініктемесі нүкте қойыпты. Оның сөзінше, жігіт қоқыс тастауға шыққан сәтте келіп, көңілі барын жеткізген. Бейтаныс жанды елемеген екен, қызғанып, жауапсыз махаббатқа күйінген азамат бірден құзырлы органға жүгініпті.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button