Түркістандық түлектер әскерге аттанды
Түркістан облысынан алғашқы әскерге шақырылушылар қызметке аттанды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
Күзгі шақыру науқаны аясында Түркістан облысының облыстық жинақ бекетінен Алматы облысында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметіне шақырылушылардың бірінші командасы жіберілді. Мерзімді қызмет өтеуге 34 адам кетті, олардың барлығы медициналық комиссиядан, полиграфиялық тексеруден, жеке әңгімелесуден және психологиялық тұрақтылық сынақтарынан сәтті өтті.
Дәстүр бойынша, әскерге жіберу алдында әскерге шақыру комиссиясының қорытынды отырысы өтті, онда баланың қызметке бару мақсаттары мен моральдық көзқарасы тағы да талқыланып, оларға өмірдің жаңа кезеңінде сәттілік тіленді. Әскерге шақырылушыларды іріктеу кезінде комиссия бірінші кезекте техникалық мамандықтың болуын, дене дайындығын, денсаулық жағдайын және қызмет етуге деген ұмтылысын ескереді.
Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Қуанышбек Құлымбаев шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасатынын және осы уақыт ішінде 18 бен 27 жас аралығындағы 2500-ге жуық жастарды әскерге жіберілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол цифрландырудың арқасында осы жас тобындағы 3500-ден астам ер-адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына шақыру туралы SMS-хабарлама алатынын атап өтті.
Айта кетсек, биылғы жылы сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді. Оларға қызмет ету кезінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі. Сонымен қатар кредиттің болуын не болмауын, ол бойынша төлемді кейінге қалдыруды белгілеу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындаған тәртіппен Қорғаныс министрлігінің, кредиттік бюролар мен кредиторлардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Ал Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері мен студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері де қарастырылған.
ФОТО: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі