«Ұмай» бағдарламасында енді жеңілдіктер көп
Қыз-келіншектерге қуанышты жаңалық! «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы келер жылы қайта іске қосылмақ. Бұл жолы мүмкіндік молайып, жеңілдік көбейеді екен. Мәселен, нәзік жандардың отбасылық статусы, жұмыс орны, тіпті қайда тіркелгені де маңызды емес. Пәтерді кезекке тұрмай-ақ, кез-келген қала немесе ауылдан алуға рұқсат. Басты ереже — «Отбасы» банк шотында алғашқы 20 пайыз жарна болуы тиіс. Іріктеу кезінде депозитте жинақталған сыйақы көлемі ескерілетін көрінеді. Cондай-ақ, қатысушылардың шекті табысы 950 мың теңгеге дейін ұлғайтылыпты.
«Ұмай» бағдарламасына қатысушы қыз-келіншектер өздерінің немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын пайдаланып, депозитке аудара алады. Сондай-ақ, студенттер стипендиясын да кіріс ретінде қарастырамыз. Бұрын пәтерінің болу-болмауы маңызды емес. Ал кепілгер ретінде қатысушының ата-анасынан бастап, күйеуі, ересек балалары, құрбылары, достарына дейін тіркеле алады»,-дейді «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛАН АҚШАНОВ
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз