Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

7 мың теңгенің билетін вокзалдың маңында 20 мыңға сатып жатыр

Жаз басталса елімізде пойыз билетінің тапшылығы туындайды. Жылда айылғанымен, әлі күнге шешімін таппай келеді. Алып-сатарларда билетін ашық саудалап, темір жол вокзалдарының маңын торып жүр.

«7 000 теңгенің билетін 20 000 теңгеге сатып тұр. Вокзалға барып едім, касса мен сайтта жоқ билетті 5 минутта таптым. Кіреберісте тұрған ҚТЖ ресми формасындағы адамға “билет керек” деп ымдағаным сол, “жүр, билетчиктер мына жақта”,- деп сүйрей жөнелді. Билетчиктер деп еркелетіп тұрғаны сол перекупщиктер болып шықты. “Қазір вагон қосады. Билет болады. Оны сендер көрмейсіңдер, сайтқа шығып үлгермей біз қағып аламыз мынаяқта” деп ашығын айтты енді. Кәдімгі, ең жәй жүретін, ең арзан 15-ші Алматы-Петропавл пойызының 6 000 тұратын билетін 20 000 деді ғой ағам. “Халықтың батасын алып жүрміз, жоқ билетті тауып беріп жүрміз” деп мәз. ҚТЖ, Сауранбаев мырза, перекупщиктерге қашанғы халықты жем қыласыздар?! PS. Мен бұлардан билет алмадым. Жоқ билетті табудың тағы бір жолы бар екен. Әгәрәки, мыналарды ұстап, жауапқа тартып жатса айтам»,-деп жазды журналист Ақбөпе Тәңірберген.
Ал депутаттардың өзін менсінбейтін, Парламентке есеп беруге келмейтін  «ҚТЖ» компаниясының президенті Нұрлан Сауранбаевтың атына айтылып жатқан сын көп. Соның бірі билет мәселесі.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button