Басты жаңалықтарВидеоМәдениет
Төреғали Төрәлі адам танымастай азып-тозып кеткен
Шоу бизнесті шулатып жүрген Төрағали тағы да әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. . Алматының қақ ортасында үсті-басы ала-бажақ, шашын өсіріп, сақалын салбыратып, құдды көше кезген ішкіш құсап ән шырқады Төреш.
«Біртүрлі» киімімен шыққан әнші өз репертуарынан «біртүрлі қыз» деген әнін айтты. Жұрт қаңғыбастан сондай талантты күтпесе керек, әуелгіде күле қарады. Артынша, қайыр тілеген сөмкесіне ақша лақтыра бастады. Соңында сақал-мұртын шешіп, елге иіліп сәлем берді Төреш. Бәрі қошеметтеп, бір күлкіге қарық болды.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз