Басты жаңалықтарҚоғам

Несие алу үшін ерлі-зайыптылардың бір-бірінің рұсаты керек

Несие алу үшін жұбайыңның рұқсаты қажет. Сенат депутаттары осындай заң жобасын мәжілістің қарауына қайта жіберді. Дегенмен ол мүлдем алынып тасталады деген сөз емес. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы орынбасарының айтуынша, аталған норма сақталады. Тек кей тұстарына өзгеріс енгізіледі. Мәселен, енді — алатын кредит 3 миллион 700 мың теңгеден асса ерлі-зайыптылардың өзара келісімі керек болады. Ал оған дейінгі сумманы ешкімнің рұқсатсыз алуға мүмкіндік бар.

“Әзірге бұл нормативтік-құқықтық актіде тек жоба ретінде қарастырылды. Біз алдын ала 1000 АЕК мөлшерін белгіледік. Бұл 3 млн 700 мың теңге. Біз бұл сома шұғыл шығындарды жабуға жеткілікті деп ойлаймыз, оның ішінде медициналық көмек көрсетумен байланысты шығындар бар. Екіншіден, неге 1000 АЕК белгіленді дегенге келсек, Салық кодексі аясында 2025 жылдан бастап, Қазақстан азаматтары осындай суммадаан асатын активтерін міндетті түрде декларациялауы тиіс деген норма күшіне енеді”,-деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

А. Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button