Парламент резонанс тудырған кибербуллинг туралы заңды қабылдады
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті Сенат қаулысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген өзгерістерге келісім берді, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy .
Заң жобасы «бала құқықтарын қорғау саласындағы тиімді құқықтық базаны қалыптастыру және заңнаманы жетілдіру» мақсатында әзірленгені хабарланды. Оны 2022 жылғы 9 наурызда Мәжіліс мақұлдап, қабылданған 71 позициямен Парламент Сенатына жолдаған болатын.
Сенат енгізген түзетулер алты позициядан тұрады және Қазақстан аумағында таралуына тыйым салынған немесе өзге де жолмен шектелген, балаға зиян келтіретін ақпаратты орналастыруға жол берген мемлекеттік органдар мен интернет-ресурстардың өзара іс-қимыл тетігін өзгертуді көздейді. Яғни, әлеуметтік желілерді бұғаттау бойынша резонансты түзетулер заң жобасына енген жоқ.
«Сенаттың түзетулері балаға зиян келтіретін, тыйым салынған немесе өзге де түрде таратылуы шектелген ақпаратты орналастыруға жол берген интернет ресурстармен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тетігін өзгертуге бағытталған. Сенат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындау жөнінде құзырет беруді, сондай-ақ интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұруға негіз ретінде кибербуллинг фактілерін заңнамалық түрде айқындауды ұсынды. Бұл ретте, заң жобасынан уәкілетті органның тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті алып тасталды. Тұтастай аплғанда, Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді», — деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова.
Осылайша, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті.
ФОТО:Ашық дереккөз