Басты жаңалықтарҚоғам

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру барысы сөз болды. Аталған құжат аясында ұл-қыздардың құқықтарын қорғауға бағытталған бес жылдық жоспар әзірленген. Зәкиеваның айтуынша, өңірлерде арнайы басқармалар құрылып, психологиялық қолдау орталықтарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Президент бұл міндеттерді жүйелі түрде іске асыруды тапсырды.

ФОТОaqorda_resmi

Басқа материалдар

Back to top button