Басты жаңалықтарСаясат
Қазақстан Ресейдің «Сберінен» бас тартты
Қазақстан геосаяси жағдайға байланысты ресейлік «Сбербанк» платформасынан бас тартуды жөн көрген.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
- Қазіргі геосаяси жағдайды және өзіміздің басқа да тәжірибелерді саралай келе өз күшімізбен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығымен бірге істейміз деп шештік. Бұл платформа қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен жасалады, — деді Асқар Жамбақин.
Ол қазір техникалық-экономикалық сараптама жүргізіліп жатқанын, жыл соңына дейін алғашқы сервис дайын болатынын айтты. Ал жаңа жүйеге 2-3 жылда көшеміз деп отыр.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстанның сол кездегі премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей «Сбербанкінің» басшысы Герман Греф елімізде цифрлық трансформация жобаларын жүзеге асыру, цифрландыру платформасына көшу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.