Жұлдыз Әбдукәрімова енесі Гүлзираның үйіне қонаққа барып, құрметке бөленді

Қайрат Нұртастың әулетіндегі қуанышты сәтті анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасына салды.
Шетелден бала-шағасымен демалыстан келе жатқан Қайрат пен Жұлдызды Гүлзира ханым ерекше күтіп алды. Тек ұлы мен келінін, немерелерін ғана емес, Жұлдыздың ата-анасында шақырыпты.
Белгілі продюсер, Қайрат Нұртастың анасы көптен көрмеген келіні мен немерелеріне бағалы сыйлықтар берді. Қайрат пен Жұлдыздың бесінші баласында мейірлене құшағына алды. Дастархан басында құда-құдағиларына да сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.
Соңғы кезде Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әбдукәрімованың арасындағы салқындық туралы әлеуметтік желіде жиі талқыланып кеткен еді. Қайраттың анасы да парақшасында келіндердің тәрбиесіне, жас отбасына ата-ананың қолдау көрсетуіне қатысты түрлі пікір айтқан еді.
Ал жаңа жылдың басында продюсер Гүлзира ханым желдей ескен гу-гу әңгімеге осылай нүкте қойды.
Ж.Бисен





