Басты жаңалықтарҚоғам

Пойыз апатынан қаза тапқан жасөспірімнің отбасына  2 млн теңге өтемақы беріледі

Жамбыл облысындағы пойыз апатынан қаза тапқан жасөспірімнің отбасына  2 млн теңге өтемақы беріледі. «Қазақстан темір жолы» компаниясының департамент директоры  Ақболат Жағыпаров осылай деп мәлімдеді.  Ал  зардеп шеккендерге  материалдық көмек тек олардың жарақатына қарай төленеді екен.

Ақболат Жағыпаров, «Қазақстан темір жолы» ҰК Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры: (төмендегі суретте) «Компания қара жамылған отбасына 2 млн теңгеден аса, ал алған жарақатына қарай зардеп шеккендерге 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін өтемақы төлейтін болады. Қазір қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізілуде. 9 арнайы техника мен 300-ге жуық теміржолшы соның басында жұмыс істеуде. Жол қозғалысы  тоқтаған жоқ. Екінші жолмен жүріп жатыр.  Оқиғаның себебі анықталуда».

 

Басқа материалдар

Back to top button