Басты жаңалықтарҚоғамСаясат

Қазақстан Президенті «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады

Қазақстан Президенті «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды. Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты.

Сонымен қатар Президентке агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

 

Басқа материалдар

Back to top button