Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдіктінің Индонезияда ұсталған видеосы шықты

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірігіп Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстаған видеоны жариялады.

Ерлі-зайыптының екеуі де қолға түсті.

Қазіргі уақытта оларды Қазақстанға депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысы Қызылқоға ауданыЖангелдин ауылында 2025 жылдың соңында бір отбасының мүшелері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен  еді.

6 қаңтарда отбасының екі мүшесі, атап айтқанда ерлі-зайыпты Қарабалин Мақсот пен Өтешқалиева Нәсіп өз үйінде өлі табылған. Аталған оқиғаға қатысты «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

А.Орынғали

ФОТО/ВИДЕО: POLISIA.KZ

Басқа материалдар

Back to top button