АЙМАҚБасты жаңалықтарВидеоОралӨҢІРЛЕР

Оралда 1 млрд теңгеге жуық қаржыға отырғызылған гүлдер өспей қалған

Орал қаласында гүл өсіруге 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жариялғанған конкурсты ұтып алған мердігерлер жергілікті әкімдікті ұятқа қалдырды. Оралдық фирма 364 млн теңге, тараздық компания 530 млн теңгені игеріп, «шаһарды гүлге көмеміз»  деп уәде берген. Алайда, өсіре алмаған. Облыс орталығының сиқын бұзып, сәнін кетірген алаңдар тұрғындардың да шамына тиді.

Қоғам белсендісі Айболат Букенов «Осыларға миллиондап қаржы бөлген әкімшілік неге қадағаламайды? Не гүл жоқ, не миллиондар жоқ?! Гүл жоқ. Ендеше гүл өсіре алмасаңдар қиын кезеңде дәрі алуға жұмсамайсыздар ма? Әшейінде қиялданып көгалдандыру керек шаһарды дейтін Аманжол Алпысбаев бұған не дейді, Қала әкімі Абат Абайұлы не қарап отыр? Әкімшіліктің алды әрине құлпырып тұр. Себебі сендердің жүретін жерлерің болған соң. Ал басқа жерді неге игермейді миллиондап ақша алса да…» деп жазды парақшасына.

Айболаттың осы постынан кейін іле-шала қала әкімдігінің өкілдері сұхбат берді.

«Қаладағы бұл гүлдерге тендерде көрсеткендей 530млн мен 364 млн бірден берілмейді. Гүлдерінің өсуне байланысты, жұмыстың нәтижесіне орай бөліп бөліп үш жылдық келісім шартпен төленетін қаражат. Жасулан Флора мекемесіне бүгінгі күнге дейін өздеріңіз көріп тұрғандай 40 млн қаражат бердік, себебі гүлдері, ағаштары өсіп тұр. Ал «Уланова» мекемесінің жұмысына бәріміздің де көңіліміз толмайды. Сондықтан да осы күнге дейін бір тиын да берген жоқпыз. Соңғы ескерту бердік ол мекемеге. Осы айдың соңына дейін талаптарды орындамаса келісім шартты бұзамыз» — дейді Орал қалалық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button