Басты жаңалықтарБілімТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан әуежайында 100-ге жуық бала күй тартты

Түркістан қаласының халықаралық әуежайында көпшіліктің қошеметіне ие болған «Домбыра» мәдени іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Әуежайға келген жолаушылар мен қонақтар таңғаларлық көрініске куә болды. Назарбаев зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы бір мезетте қазақ халқының рухани қазынасы саналатын «Кеңес», «Нәрағашы», «Келіншек», «Тепеңкөк», «Балбырауын», «Ертұран» сынды күйлерді орындады
Іс-шара оқушылардың өнер арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгеруіне, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға бағытталған. Бұл тек концерт емес – болашақ ұрпақтың ұлттық рухпен тәрбиеленіп келе жатқанының жарқын дәлелі.
А.Нәби






