Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет

Семейде Ленин ескерткіштері әлі тұр

Семейдегі саябақтардың бірінде Лениннің екі ескерткіші тұр. Бұл туралы Ruh.kz хабарлады.

Порталдың редакциясына өңір тұрғындарының бірі хабарласып, фотоматериал жолдаған.

— «Боровлянка» демалыс аймағында Лениннің екі ескерткіші тұр. Мұнда балаларымен жиі келетін қонақтар көп. Өткен дәуірдің көсемін насихаттау кімге керек? Абай тойының қарсаңында ыңғайсыз болды-ау», — деп қынжылады жергілікті тұрғын.

Ал  Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев: «Біз анықтап білдік. «Боровлянка» жекеменшік демалыс орталығында Лениннің ескерткіші тұрғаны рас. Бірақ қаладан шалғай орналасқандықтан интернет ұстамайды, байланыса алмай отырмыз. Аталған нысанның басшыларымен сөйлесетін боламыз. Жақында демалыс орнының басшысы ауысқан болатын. Бұрын-соңды мұндай болмаған», — деп жауап берген.

Аталмыш демалыс орнының байланыс телефондарын ешкім көтермейді.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button