АЙМАҚБасты жаңалықтарБөкей ордасы ауданыҚоғамӨҢІРЛЕР
Бөкейордалықтар партия өкіліне мұңын шақты
«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев жұмыс сапарымен Бөкейордасына барды. Нарын жеріне келген филиал басшысы алдымен жергілікті атқарушы органның активімен кездесіп, «Нұр Отанның» жұмысын жандандыру мәселелерін қозғады. Бұл туралы «Орда жұлдызы» газетінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Сапар барысында Мұрат Мұқаев аудан орталығы Сайхын ауылындағы М.Мәметова атындағы мектеп жанынан бой көтерген интернат, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй нысандарын аралады.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жекелеген мәселелері бойынша қабылдады.
А.ОРЫНҒАЛИҰЛЫ