Экспоны салған құрылысшылар 7 айдан бері жалақы алмаған
Бір миллион теңге. Экспоны салған құрылысшылардың 3 айлық еңбекақысы осындай. Бірақ оны ала алмай жүргендер қаншама. Бүгін бас мердігер түркиялық компанияның алдына жүзге жуық жұмысшы тағы да жиналды. Олардың қатарында жалғыз қазақстандықтар ғана емес, Түркия мен Ресейдің де азаматтары бар. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады. Елдеріне қайтар қаржы таппаған құрылысшылар елшіліктерінен жәрдем сұрауда. Себебі құқық қорғау органдарынан еш көмек болмаған.
Басшылық жұмысшылардың жүздерін жатқа біледі. Олардың еңбекақыларын сұрап жүргелі 7 айдан асқан. Келген сайын сан түрлі сылтау айтып шығарып салатын көрінеді. Ал бұл жолы есікті жауып ішке кіргізбеді. Тіпті полиция шақыртып, таратып жібермекші болды.
СӘБИТ ӘБДІКӘРІМОВ, БРИГАДИР: «Сіздермен хабарласып шақырып жатқанымыз осы. Балалардың жүргеніне 7 ай болды. Маусымның 8 күні мен осы жерді полный тапсырып шыққам осы жерді. Жаңағы балалардың әрбірінде камерада да бар екен. Түнде сағат үшке дейін істеді. Сағат сегізде келе алмайтын едік. Себебі түнгі төртке дейін істейтін едік. Таңертең мәжбүрлеп тағы да істететін».
Сәбиттіңбригадасында 70 адам істепті. Күн-түн демей шаруаны мерзімінде бітірген. Бірақ сол еңбектері үшін небәрі 20-30 мыңнан аванс қана төленіпті. Тіпті толық берешегін өтемеудің амалын іздеген шетелдіктер, бір жұмысты екі-үш мәрте істеткен.
УАТХАН ЖҰМАХАНОВ, БРИГАДИР:«Істеген жұмыстарымыз осы даладағы тақтатастарды төсеу болған. Брущатка дейді. Бұларды қыстыгүні төседік. Біздің жұмыс істеген ғимаратымыз біреудің жеке үйі емес. Біз ұлттық павилион Қазақстанның нышаны болып тұрған ғимаратты салдық. Күндемедік, түндемедік».
Бұл Уатжанның бригадасы. Олар мүмкін емес шаруаны тындырған. Көрме басталуға санаулы күндер қалғанда басты нышанды толық әрлеп шығыпты. Сол жұмыстары 8,5 млн теңгеге бағаланған.
УАТХАНЖҰМАХАНОВ, БРИГАДИР:«Әрбіреуіне миллионнан, алты жүз мыңнан қарыз.Енді әр қалай. Сол қосылғанда 8,5 млн біздің талап етіп отырғанымыз. Енді осыдан«Сембол» компаниясының бухгалтериясы бізге 30 пайызын шығарып беріп отыр. Яғни 3,5 аласыздар, қалғанын сіздер«Эстетикамрамор» компаниясынан талап етесіздер дейді».
«Эстетика мрамор» қосалқы мердігер. Ол да түрік компаниясы. Басшыларын Қазақстаннан таппадық. Бірақ жалдаған жұмысшылары қалған. Жалақыларын ала алмай жалбарынып жүргендердің қатарында 10 шақты түрік азаматы да бар.
ХАСАН АЙДЫН, ҚҰРЫЛЫСШЫ, ТҮРКИЯ АЗАМАТЫ:«Бізді көрсе күзетшілер шығарады. Бейне бір терористер сияқты желкеліп шығарады. Семболдың басшылары ФеттахАйтекин мен Селдчукбейлер мұндай мәселені неге шешпейді. Олар біз сияқты қарапайым халықтың адал еңбегімен көтерілген жоқ па? Біз бұл істі жай қалдырмаймыз. Түркия басшылығы мен Президенттеріңізге жеткіземіз».
Отандастары қанша күтсе де Сембол басшылары кеңседен шықпады. Күзетшілерін көбейтіп, даяшыдан шай алдыртып, жиналған жігіттердің ызасын туғызды. Жауап болмасын білген азаматтар елшілікке аттанды. Бірақ ол жақтанда нақты жауап беретін адам табылмады. Тек ісіне жауапты тәртіп сақшылары қалада екі адамнан артық жиналуға болмайтынын ескертіп жұмысшылардан үйлеріне қайтуын өтінді.