АЙМАҚБасты жаңалықтарҚоғамӨҢІРЛЕРТеректі ауданы

Батыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік түйісіп, жүргізуші қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше түс мезгілінде Теректі ауданы орталығы Федоров ауылы маңында орын алды.

«Фольксваген Пассат» автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Дэу Эсперо» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі Теректі аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

Екі көлікте де жолаушылар болмаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жарақаттар алған 1980 жылғы ер адам қазір ауруханада, жағдайы тұрақты.

 

Басқа материалдар

Back to top button