Басты жаңалықтарСаясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты.
Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.
Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
ФОТО: akorda.kz



