ҚоғамСаясат

Арыс тұрғындары митингке шықты (видео)

27 маусымда Шымкентте таңертеңгі сағат 11:00 шамасында «Ақмешіт» алдындағы Темірлан көшесін Арыс тұрғындары жапты. Бұл туралы zhasalash.kz хабарлады.

Үш күннен бері қаладағы үйлеріне қайта алмай жүрген тұрғындар «өздерін Арыстан басқа жаққа көшіруді, жер беруді» деп талап етті.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мешіт маңында шамамен 200-300 адам жүр. Өзін облыс әкімінің кеңесшісі ретінде таныстырған Сәдібеков есімді азамат наразыларға «қазір Арысты жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр, апта аяғына дейін үйлеріңізде қайтасыздар» деп тұрғындарды сабырға шақыруға тырысты. Кейбір тұрғындар «ол жаққа бармаймыз, басқа қауіпсіз жаққа көшіріңіздер» деді. Сәдібеков тұрғындарды мешіт ішіне кіріп, ғимарат ішінде мәселені талқылауға шақырды. Бірақ тұрғындар бұған келіспеді. Наразылар қала әкімі, облыс әкімінің келуін талап етті. Оқиғаны полиция қызметкерлері бақылап тұр.

Шамамен 50 минуттан соң оқиға орнына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов келді. Ол «бір күн ішінде қалаға 45 мың тұрғын келгенін, олардың мәселесін шама-шарқынша шешуге тырысатынын» айтты. «Бірнеше күннен бері сабылып жүрміз, неге көмек жоқ?» деп ашынған тұрғындарға ол «айғайласақ баспана береді деп тұрсыздар ма? тынышталыңыздар!» деп зеки сөйледі. Ол да тұрғындарды мешітке кіріп, мәселені талқылауға шақырды. Азаматтардың біраз бөлігі оған ілесіп, біраз бөлігі сыртта қалды.

Басқа материалдар

Back to top button