Басты жаңалықтарҚоғам

«БӘЙТЕРЕК-FEST» ҰЛТТЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУҒА ОНЛАЙН-ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ

«БӘЙТЕРЕК-FEST» ұлттық фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ — CISC мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылуда.

Фестивальдің ұйымдастырушысы – Ұлттық Дельфий комитеті.

Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған мәдени жоба алғаш рет өткізіліп отыр.

Ұйымдастырушылар фестивальді екі кезеңде өткізуді жоспарлап отыр: бірінші іріктеу туры – елдің барлық облыстарынан келген талантты жастардың онлайн-өтінімдерін 2019 жылдың 20 маусымына дейін қабылдау, екіншісі — фестивальдің финалы 2019 жылдың тамыз айында Елордада өтеді.

«Ұйымдастырушылардың пікірінше, үш ең жарқын финалист Ұлттық Дельфий комитетінің халықаралық шығармашылық жобаларына қатысу құқығына ие болады», — дейді Ұлттық дельфий комитетінің директоры, жоба жетекшісі Құралай ТҮСПЕКОВА.

Жобаға 14-28 жас аралығындағы шығармашыл жастар шақырылады. Жоба аясында Ұлттық Дельфийлік қазылар алқасы қатарынан еліміздің мәдениет қайраткерлерімен шеберлік сыныптар өткізу және байқауға қатысушыларға менторлық қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырушылар ерекше қажеттіліктері бар талантты жастарды жобаға қатысуға шақырады.

Фестиваль бағдарламасында келесі номинациялар ұсынылды:

  1. Хореография (халықтық, заманауи, эстрадалық би);
  2. Вокал (халықтық, эстрадалық, академиялық);

3.Ым-ишара тілінде орындау (соло, ансамбль, шағын нысанда);

  1. Бейнелеу өнері(жеке);
  2. Сәндік-қолданбалы өнер (жеке);
  3. Халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян/аккордеон және т. б.);
  4. Театр өнері (қойылым үзінділері, миниатюралар, монологтар, скетчтер және т. б.);
  5. Электрондық музыка (клавишалық, қияқты және ішекті аспаптар);
  6. Киім дизайны;
  7. Ашық номинация (жеке номинациямен мәлімделмеген кез келген шығармашылық түрі).

 Барлық тілек білдірушілер https://form.jotform.me/capkazakhstan/BF сілтемесі арқылы тек үш рет басу арқылы қатысуға өтінім бере алады.

Конкурстық комиссия ұсынылған әр номинациялар бойынша бірінші, екінші және үшінші орын иегерлерін анықтайды.

Фестиваль ережесімен және жоба бойынша қосымша материалдармен https://yadi.sk/i/-SCggXLWc0VNEw сілтемесі арқылы таныса аласыздар.

пресс-служба Национального дельфийского комитета 

+77770777939 Мира Билялова Пресс-секретарь

www.ндк.kz

Мы в соц.сетях

https://www.facebook.com/delphikaz

https://www.facebook.com/DelphiKazakhstan/

https://www.facebook.com/groups/delphigameskz/

https://vk.com/delphikz

https://vk.com/delphi2017kz

instagram @delphikaz

 

Басқа материалдар

Back to top button