Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет

Журналистерге арналған конкурс жарияланды

Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қағидалары Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленген.

Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады. Конкурс төрт номинациядан тұрады: «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы».

Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады. Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды», — деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай Facebook парақшасында.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру алдын ала министрліктің сайтында орналастырылады.

 

Басқа материалдар

Back to top button