АЙМАҚӨҢІРЛЕРСырым ауданы

Сырымда жігіттің сұлтанын таңдады

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Көздіқара ауданында Жігіт сұлтаны байқауы қйымдастырылды. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады.

10 жігіт бақ сынаған сайыс «Таныстыру», «Ескірмеген есті сөз» және «Жігіттің асылы күшімен білінеді» кезеңдерден тұрды.

Бас жүлдені Бұлдырты ауылының бұла күшке ие барысы Төлеген Құраш қанжығаға байлады. Бірінші орын Көздіқараның көкбөрісі Сайлан Сапарғалиевке бұйырды. Тамды ауылының тумасы Аманғали Орынбасаров екінші орын, Алғабастың арысы Ғайнидин Мұхтархан үшінші орын алды.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button