АЙМАҚБасты жаңалықтарҚоғамОралӨҢІРЛЕР
Қала әкімі 10 отбасын жарылқады
Оралда 1 мамыр мерекесіне орай, 10 отбасы баспаналы болды. Қала әкімі Мұрат Мұқаевтың қолынан үйдің кілтін алғандар бірнеше жылдан бері кезекте тұрған азаматтар екен. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады.
Шаһар басшысының айтуынша, бұл мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесі. Елбасының тапсырмасына сәйкес, қазір қалада республикалық және қала бюджетінің есебінен 70 пәтерлі тұрғын үй салынып жатқан көрінеді. Соның оны мейрамға орай тұрғындардың игілігіне берілген. Баспананы салған мердігер компания «Орал Полимер» ЖШС екен.
Сондай-ақ, биылдан қалмай тағы 500 отбасына арналған үш үйдің құрылысы басталмақ.